Үздік оқушының 9 қасиеті #2

Басы

"Мектебіміздің бетке ұстар оқушысы алдарыңызда тұр". Бұл сөзді жиі естисіз бе? Егер үлгілі оқушы атану бақыты бұйырса, өзіңізді тек жақсы жағынан көрсетіп үйренгеніңіз жөн.

♦ Адамдардың шынайы болмысын таныңыз. Сыныптасыңыз расымен де жанашыр досыңыз ба? Әлде сізді пайдаланып жүр ме? Барлық адамға бірдей баға беруге Болмайды. Олардың жеке қасиеттерін, бізге деген қарым-қатынасын ескеруіміз керек. Еш уақытта біреуге жасаған жақсылығыңыздың қайтарымын күтпеңіз. Бұдан өзге мүлдем танымайтын адамыңыз қиын-қыстау кезеңде сізге достық қарым-қатынас танытуы мүмкін. Әрине сіздің жетістіктеріңізге таңырқай қарап, қошемет білдіретін жандар көп. Алайда барлығының сөзі жүректен ғана шығады деп ойламаңыз. Нағыз достар сіз қиналған сәтте жүгіріп келеді. Жаман дос көлеңке: күн шықса құтыла алмайсың, бұлт шалса таба алмайсың демекші, арам ниетті адамдардың да болатынын ескеріңіз. Мысалы, сізді жәбірлеп, мазақтап жатқан кезде мұндай достар еш қарсылық танытпайды.

♦ Сабырлы болыңыз. Қиындыққа тап болсаңыз да, онын шешімін ақылдың көмегімен іздеңіз. Айқайдың әдетте еш пайдасы жоқ.

♦ Өзгелердің сізге күле қарайтынына дайын болыңыз. Бұл кей адамның қанына сіңген қызғаншақ, көреалмаушылық сынды мінездерімен байланысты болуы мүмкін. Адамдар мұны іштей мойындамауы да ғажап емес. Көңіліңізге тиетін сөздерге назар аудармаңыз. Егер бұл әрекеттерін тоқтатпаса, директорға, ұстазыңызға, ата-анаңызға шағым айтыңыз.

♦ Бақылау жұмысы мен тестілеуге дайын болыңыз. Өзгелерден көбірек дайындалу арқылы оны қиналмай өткере аласыз. Есіңізде болсын! Айналаңыздағылар ақылды, мақсаткер адамды сыйлайды.

♦ Ақылды болсаңыз да, өзгелерді мезі етпегеніңіз жөн. Мұнымен қатар, өзгелердің сыни пікіріне әділ баға бере біліңіз.

Сурет: alaman.kz

Оқи отырыңыз:

ҰБТ-ға дайынсыз ба, талапкер?
Білікті маман - елдің тірегі
Екі аптаға созылған оқушылар байқауы
Жапонияда 3 түрлі мектеп бар