№13 гимназияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кеш өтті

№13 гимназияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кеш өтті

Сан ғасырлық тарихымызды қайта тірілтіп, тәуелсіздігімізге тәубе айтқан маңызды шаралар қазақ елінің әр аймағында ұйымдастырылуда. Солардың бірі ретінде Алматы қаласындағы №13 гимназияда "Айман-Шолпан" қойылымы көпшілікке жол тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтпекші. Тәуелсіздігіміздің ақ таңы арайлап атқалы алғаш рет аталып өткелі тұрған айтулы мерейтой күллі алаш жұрты үшін үлкен маңызға ие. Сол себепті Қазақ хандығының 550 жылдығын абыроймен өткізіп шығу – әр қазақ баласына артылған ауыр жүк. Етек-жеңін енді жинап, ертеңдерге зор үмітпен көз тіккен егеменді елдегі елеулі оқиға еліміздің әр түкпірінде түрліше сипат алуда. 

Оқушыларды ұлт тарихын жете білуге бағыттаған тағылымды кеш гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахматуллаева Қалдыгүл Нұрмағанбетқызы мен «Кәусар» драма үйірмесінің көркемдік жетекшісі Бақытбек Әлдібекұлының ұйтқы болуымен ұйымдастырылды. Әдеттегі кештерден ерекше форматта өткен кездесуге мектеп оқушылары да қатысты. Олар «Айман-Шолпан» қойылымын қойды.

Кештің басты мақсаты қазақ хандығының құрылуының тарихи маңыздылығына шолу жасау, қазақ елінің қазіргі кездегі тарихи аренада алатын орнын ашып көрсету, қазақ елінің болашақтағы  даму басымдылықтарын айқындау болды.

Сурет: Massaget.kz

Оқи отырыңыз:

Оқушылар бос уақытын қалай өткізеді?

Жақсы староста болғыңыз келе ме?

Әлем мектептері туралы қызықты деректер

Дарынды оқушылар қандай қасиеттерге ие?


Қ. Бүйенбай