Өзі болған қыз төркінін танымас

Қазақ қыз тәрбиесіне ертеден зейін қойған. Ұлттық педагогикада да, дастарқан басында да қыз баланың тәрбиесін сөзбен түзеп отырған. "Қызым – үйде, қылығы – түзде" деп, тыйымдарды есіне салып, жөнін түзеген. Оған қоса, қыз балаға деген құрметті де әдемі көрсете білген. Олай болса, қыз бала тәрбиесі ұлттық педагогикада, соның ішінде мақал-мәтелдерде қалай көрініс алған? 

Қыз – қонақ. 

Қыз – әкесіне жұлдыз, шешесіне – күн. 

Қызды ауылдың иті жатпас. 

Қыз келіннен ғибрат алсын, 
Ұл елінен ғибрат алсын. 

Жерді шым, елді қыз біріктіреді. 

Суды құм бөгейді, 
Дауды қыз бөгейді. 

Ақылды қызға ана көп, 
Аяулы жанға пана көп. 

Көп беріп, көргендіден қыз алсаң, 
Тік тұрып, мейманыңа қызмет етер. 

Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар, 
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар. 

Өзі болған қыз төркінін танымас. 

Қыздың көркі – кигені, 
Жігіттің көркі – сүйгені.