"Бөрте" биі

"Бөрте" биі
Фото: Бекзат Кадирбеков

Бөрте тарихшылардың болжамы бойынша 1154-1230 жж өмір сүрген. Шыңғыс ханның жұбайы болып қана қоймай, қиын-қыстау кезеңде демеу болып, ақыл айтып отырған. Қоңырат тайпасының көсемі Дай мырзаның қызы.

Қият руының батыры Есугей (Шыңғыс ханның әкесі) Теміршіні ертіп, Бөртеге құда түсу үшін қоңырат еліне барады. Бұл кезде Шыңғыс хан 9 жаста болатын. Темірші Бөртені елге алып қайтқан соң ауылына меркітшілер шабуыл жасап, Бөртені тұтқындайды. Мұндай қорлыққа шыдамаған Темірші Керей ханы Тұғырыл мен жажират руының нояны Жамұқанының көмегімен Бөртені тұтқыннан босатады. Назарларыңызға Шұғыла Сапарғали қызының орындауындағы "Бөрте" биін ұсынамыз. 

Кей деректе Шыңғыс ханның 500 әйелі болған, олардан көп бала тараған деп көрсетіледі. Ал Бөртеден туған 4 ұлы бар. Олар Жошы  (1182 — 1227), Шағатай (1183 — 1242), Үгедей  (1185 — 1241), Төле (1193 — 1256).

Қ. Бүйенбай