«Отырарда» ғасырлық кітап cақталуда

«Отырарда» ғасырлық кітап cақталуда

Шымкенттегі «Отырар» кітап­ханасы рухани жәдігерлердің орта­лығына айналып келеді. Кітап­құмар қауым үйіндегі құнды топтамаларды жалғыз өзі тұтынғаннан бүкіл халыққа тарту жасаудың сауапты іс екендігін біледі.

Осыдан аттай 100 жыл бұрын ұлы Абайдың жарық көрген кі­та­бын кітапханаға Шолпан Төлегенқызы атты ұстаз тапсырған екен. Ұлы Абай – ақын ғана емес, ұлтымыздың ары мен ұяты. Ер­те­ректе «Қазақстан мектебі» жур­­на­лында жауапты жұмыс жасаған Ұлықпан Асылов деген ағамыз дүниежүзіндегі ең мықты ақыл­мандардың сөзін жи­нақтап, кітап етіп бастырып жүрер еді. «Солардың ішіне Абайды қосар алдында ұлы тұлғамызды аласартып алмаймын ба деген қорқыныш болды. Абай­ды қатарға қосып көрдік. Дү­ниежүзінің ұлыларының ішінде біздің Абайы­мыз біз білгеннен ірілене түсті. Сон­дағы қуанғанымыз-ай» деген.

Әлемнің ойшылдарымен те­резесі тең кемеңгеріміздің 100 жа­саған кітабы «Отырар» кітап­ханасында сирек қолжазбалар бө­лімінде сақ­таулы. Кітапхана қызметкерлері оны келешек ұр­пақтың игілігі үшін электрондық нұсқасын жасаған, орыс тіліне аударған.

Бүгінгідей жаһандану өмірінде ғаламтордан көзін аудармайтындар кітапты ескіліктің сарқыншағы көруі мүмкін. Алайда, ғаламтордан шар­ша­ғандардың алды білім бұлағы – кі­тапқа оралып келеді. Соның бір айғағы «Отырар» кітапханасындағы кітапқұ­мар­лар­дың қатары жыл өткен сайын молайып келе жатқандығы. Жастар көп. «Ғылым таппай мақ­танба» дейтін ұлы Абыз өсиеті жастардың өмірлік мақсат-мұратының бастауына осылай қызмет етіп жатыр.

Бақтияр Тайжан

Дереккөз: «Егемен Қазақстан»

Y. Almabek