Көбен, наз, қысырақ: Бие малының түрлері

Қазақта жүзден астам жылқыға қатысты атау бар. Тай мен жылқының, ат пен биенің, бәйге мен көкпар жылқыларын, соғыс пен әскери жылқылардың өзін бөліп санамалған атаулар бар.

Сол сынды биеге қатысты да атаулар бар екен. Солардың кейбірі мыналар. 

Ақ тандыр бие – сүт шықпайтын бие, сауғанда емшегінен бір тамшы да сүт шықпайтын бие.

Көбен бие – шоңданып, тойына бастаған бие.

Ақ жілік бие – құлынында енесі сауылмай, еркін емген.

Наз бие – әсем жүрісті, көрікті жарау бие.

Қаракемік бие – енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.

Қара желін бие – желін безі қатты боп келген, сүті аз бие.

Құмай тұяқ бие – тұяғы көп тасырламайтын бие.

Сары қарын бие  – биенің қарны «сары» деген мағынаны білдірмейді, оның сегіз-тоғыз жастағы екенін білдіреді.

Қызыл май – семіздей мініліп барып, суытылмай жіберілген, ыссылы-суықты болып, жүні іріп, тойынбай, жарай қатып, жадауланып жүрген бие.

Қысырақ (бойдақ) – құлындамаған әр жастағы биелерді, құнажын және дөнежін байталдарды, ұрғашы тайларды бөліп, бірыңғай үйірге жіберілгендерін осылай атайды.