Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Асыл сөз / Бір көш жердің өлшемі

Бір көш жердің өлшемі

Бір көш жердің өлшемі

Тілімізде бұрынғы мағынасынан айырылған сөздер жетерлік. Оларды қазіргі ұрпаққа түсіндіру, сөз сырынан толық мағлұмат алатындай және оның бүгінгі пайдалану мүмкіндігін түсінетіндей етіп саралау өте маңызды.

Қазақ бұрын немен көшті, бір көш жер өлшеміне қандай көлік жылдамдығы алынды? Өгіз, түйе, жылқының қайсы? Өгізбен көшу үшін, әрине, арба шегу керек. Жылқы да солай.

ХІІ ғасырдан бергі деректерде арба сөзі кездескенімен, оның жалпы халықтық көші-қон құралы есебінде пайдаланғандығы туралы мағлұмат жоқ. Әрі көш көлігіне өгіз тым баяу да, жылқы өте шапшаң. Малын жая жайлап, оты-суын қандыра жүретін, көштің өзін бір қуаныш көріп, қызықтай отырып, ойын-сауығы, той-думаны қоса жүретін қазақ жұртына мұндайда ең тиімдісі түйе ғана.

"Ашулансаң, көшке берген тайлағыңды қайтып ал" деген сөздің шығу төркіні де осында жатыр. Тайлақ деп әдейі кеміте айтып отыр. Халқымызда біреудің берген бір нәрселеріне ренжіскенде осылай кішірейте сөйлейтін үрдіс бар. Ит алғаны "бір күшік бердім деп, о не қылғаны", қой алып "бір қозы бердім" деп, ешкі алғаны "бір тышқақ лақ бердім деп", жылқыны – құлын, сиырды – бұзау деп т.б. осылай қарсыласының еңбегін әдейі төмендетіп айтады.

Арба да іздетпейтін, аса бап та тілемейтін түйеге жүгін теңдеп, қоршауға бала-шағасын отырғызып, өздері салт атқа мініп, қыстаудан жайлауға дейін, жайлаудан күзеуге дейін көшетін елдің бір көш өлшемі осы түйе жүрісінің шапшаңдығымен өлшенген.

Бір көш жер – түйелі көштің біркүндік жүрісі. Бір көш жер қазақтың бұрынғы шақырым, көз көрім жер, құлақ естір жер, дауыс жетер жер, тай шаптырым, құнан шаптырым, ат шаптырым дегендей қашықтық өлшемдерінің бірі. Көш жердің жақыны қозы көш жер де, алысы бір, екі, үш көш жер болып ұзай береді. Бұл сөз көшпелі елдің өзіне ғана белгілі қашықтық өлшемін танытумен бірге алыс деген де ұғым білдіреді. Бүгінгідей автокөліктің, пойыздың, ұшақтың бір күндік жүрісі сияқты түйелі көштің де бір күндік жүрісі кезінде жақын деп саналмаған.

Ал көш алда, көш ілгері, көш кейін, көш бойы ұзап кетті дегендей тіркестерде салыстырмалы мәндегі теңеуге айналған. М.Қашқари сөздігінде "көч – мезгілдің, уақыттың аз ғана бөлігі" деген түсінік, бұл сөздің пәлсапалық тұрғыдағы мәні.

Адам ғұмырын, жалпы тіршілік-дүниені көшке, керуенге теңеу, адамды уақыт қонағы деп санау – көнеден келе жатқан ұғым. "Дүние бір көш-керуен, өтер-кетер", "дүние – ғұмыр көшкеруен тұрағы жоқ" дегендей сөздер – сол танымның елесі.

"Таныс сөздердің бейтаныс сырлары" кітабынан 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: express-k.kz
Қосылған күні: 01 шілде, 09:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.