Жануар атауы: аталығы, аналығы, баласы

Жануар атауы: аталығы, аналығы, баласы
Фото: yandex.kz

Жануар мен оның түрлеріне қатысты атаулар – көнеден келе жатқан атаулар. Олар уақыт өте қолданыстан түсіп, ұмытылуы мүмкін. Солардың кейбірін тоқтала кетелік. Қазақ халқы жануарлардың еркегі мен ұрғашысын, балаларын қалай атаған?

Абдан – арыстанның баласы

Алан – барыстың баласы

Арлан – еркек қасқыр

Әздек – жас еркек есек

Әңгі – есектің еркегі

Баршын – кәрі бүркіт

Бөлтірік – қасқырдың күшігі

Бірішек – арлан қасқыр

Еңлік – еліктің лағы

Жусақ – тау ешкісінің тушасы

Кірекей – ұрғашы аю

Қанден – иттің ұсақ тұқымы

Қандеш – қанденнің ұрғашысы

Қаншық – иттің, қасқырдың ұрғашысы

Қаншыр – ұрғашы арыстан

Қодық – құланның құлыны

Қонжық – аюдың баласы

Құлжа – арқардың қошқары

Құралай – киіктің лағы

Құртқа – қасқырдың қаншығы

Марғау – мысықтың есейген баласы

Мәлике – ұрғашы жылан

Мәулен – ұрғашы мысық

Мегежін – ұрғашы шошқа

Сайғақ – киіктің текесі

Сарық – қойдың бір тұқымы

Сарымақ – жолбарыстың баласы

Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы

Тайхан – тай есек

Таутан – ұрғашы барыс

Таутан – алабұға текті балық

Томаша – шымшықтың ең кішкене түрі

Торай – шошқаның баласы

Шағал – қорқау қасқыр

Ызақор – арыстанның еркегі

Қ. Слямбек