Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш

Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш
Фото: amur.kz

Ол балалар әдебиетінде, классикалық әдебиетті де жаңғырта білді. Оның "Ана тілің  арың бұл, ұятың боп тұр бетте" деген сөзі даналыққа айналды. Ол  Қадыр Мырза Әли. Назарларыңызға Қадыр Мырза Әли шығармаларынан алынған нақыл сөздер ұсынамыз.

Адал дос бетіңе мақтамайды, сыртыңнан даттамайды. 

Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Бала тілі бола алмаса ана тілі
Ана тілі бола алмайды ешқашан!

Жібек жолын шөп басты.

Бас – біздікі, ақыл – басқанікі, 
Табыс – басқанікі, қалғаны – қасқанікі. 

Дана бастар қор болады, 
Шала бастар зор болады. 

Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.

Жаманның жанында ыржалақтап күлгенше, 
Жақсының жанында бірге жүріп күрсінгенің артық. 

Жылдар күтіп тұрған шығар – асықпа! 
Ажал күтіп тұрған шығар – шашып бақ! 

Өмірге үңілесің, тірліктен түңілесің, 
Қанша туласаң да, тағдырға жүгінесің. 

Шын сүю  өзіңді мүлде ұмыту.

Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш. 

Г. Берік