- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Махаббат – кәріні...
Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш
Ол балалар әдебиетінде, классикалық әдебиетті де жаңғырта білді. Оның "Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте" деген сөзі даналыққа айналды. Ол – Қадыр Мырза Әли. Назарларыңызға Қадыр Мырза Әли шығармаларынан алынған нақыл сөздер ұсынамыз.
Адал дос бетіңе мақтамайды, сыртыңнан даттамайды.
Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.
Бала тілі бола алмаса ана тілі,
Ана тілі бола алмайды ешқашан!
Жібек жолын шөп басты.
Бас – біздікі, ақыл – басқанікі,
Табыс – басқанікі, қалғаны – қасқанікі.
Дана бастар қор болады,
Шала бастар зор болады.
Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.
Жаманның жанында ыржалақтап күлгенше,
Жақсының жанында бірге жүріп күрсінгенің артық.
Жылдар күтіп тұрған шығар – асықпа!
Ажал күтіп тұрған шығар – шашып бақ!
Өмірге үңілесің, тірліктен түңілесің,
Қанша туласаң да, тағдырға жүгінесің.
Шын сүю – өзіңді мүлде ұмыту.
Махаббат – кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш.