Адам – өз өмірінің суретшісі

Адам – өз өмірінің суретшісі
Фото: amur.kz

Ол өмір сүргісі келді, бірақ жаумен бірге емес. Адамзаттың ұзақ ғұмыр кешкенін армандады, бірақ туған еліне қызмет етіп, Отанын қорғап өмір сүргенін қалады.

Ол – Баубек Бұлқышев. Қысқа ғана ғұмырында сөнбес сәуле, сарқылмас мұра қалдырды. Бұл – ерлігі мен еңбегі. Оны жазары және берер ақыл-нақылы көп еді. Сіздердің назарларыңызға Баубек Бұлқышевтың қанатты сөздерін ұсынып отырмыз.

Адам дүниесі біртіндеп әкеден балаға ауысып отырады. 

Біз өзіміздің заманымызды қорғаймыз.

Сөз сүйектен өтуімен қатар, сөйлеушінің өзіне де тағдырын шешетіндей таңба салуы мүмкін. 

Соғыс сұлуға өлім, қартқа қайғы, махаббатқа оқ атып кетті. 

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артына ой қалдырады, мұра қалдырады. 

Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарымыз... Біз, жастар, тағдырымыз сенімен байланысты екенін білеміз. 

Дүниедегі ең барып тұрған арман, барып тұрған қайғы творчестводан аса алмас. 

Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан 
Бір күн артық елі үшін еңбектенген.

Г. Берік