Ораза айт – мейірім мен игілік мейрамы

Ораза айт – мейірім мен игілік мейрамы

Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймыз! Айттағы дұға-тілектер қабыл болсын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мейрамы. Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.

"Айт" сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қуанышқа топталу, қарымта деген ұғымды білдіреді.

Ораза айтта отбасымызды шаттыққа бөлеп, ағайынға сыйлық берудің де маңызы зор. Ел ішінде "айттық" деген сый деген атауы да кездеседі. Айттық – айт күндері қыдырып, айттап барған үйдің балаларына беретін түрлі ойыншық, ақша, қант, кәмпит сияқты балалар қызығатын заттар.

Айттық беру – мерекенің мерейін асырып, тату-тәттілікті, береке-бірлікті нығайтудың, әсіресе балаларды мәз-мейрам етіп қуандырудың дәнекері. Үйге айттап сәлем бере келген туыстардың балаларына да айттық беріледі. Қазақта үлкен кісілерге сыйлыққа тәспi, жайнамаз, тақия, кестелi орамал, зергерлiк бұйымдар берiлген.

Massaget.kz порталы барша мұсылман қауымды қасиетті мейраммен құттықтайды! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, әрбір бастаған істеріңізге бақ-береке тілейміз.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді