Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Сиқырлы саз / Ән / Ақан серінің арманына айналған арулар

Ақан серінің арманына айналған арулар

Ақан серінің арманына айналған арулар

Ән еркесі, жыр серкесі, сегіз қырлы серілік өнердің көрнекті өкілі – Ақан Қорамсаұлының өмір жолының, тағдыр торабының қызықтылығы сондай, көзі тірісінде-ақ, ол туралы аңыздар ел аузында кең таралып кеткен.

Тумысынан сұлулыққа, бекзадалыққа құмар болып өскен Қорамсаның еркесі өз заманында қайталанбас өнерімен, келісті келбетімен қыз-келіншектің сүйіктісіне айналған көрінеді. Алайда ғажапты сәттерінен азапты сәттері көп болып, сезім шырынының орнына у ішкен бекзада бірде-бір ғашығымен бақыт құшағына ене алмады.

Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз Ақан серінің нәзік жандыларға деген сүйіспеншілігіне, Ақжігіттің арманына айналған перизаттарға арналмақ.

 Жамал

Ауылың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Дариға, қайрылмадың, қалқа бала,
Жүректің енді ем жоқ қой жарасына...

Серінің бозбала шақтағы алғашқы іңкәр көңілі құлаған ару – Сырымбет тауын мекендеген Жүсіп төренің қызы Жамал еді. Екі жастың ағайындығы жеті атаға жетпегендіктен, ата-баба салтын аттап кете алмайды да, бір-біріне деген құштарлықтарын тұншықтыруға мәжбүр болады. Жамал ұзатылған соң Ақан тұңғиық қайғысын құшақтап, қалың елдің ішінде жалғыз қалады. Оның мұнан соңғы өмірі сырттан гүлсіз, үнсіз, жырсыз, түрсіз өмірге айналады. Бірақ дариға жүректің қайғымен жылынып сөнгенін, терең жанның оймен уланып өлгенін кім ұққан?

Ұрқия

Жалпы Ұрқия апамыз хақындағы әңгімеде аздап шикілік бар. Бірқатар зерттеушілер Ұрқия Ақанның заңды жары болған, алайда үйленген соң, үш айдан кейін кеселге шалдығып, қайтыс болған десе, келесі бір ғалымдарымыз екі жас қосылмай жатып, Ұрқия қайтыс болған дегенді айтады. Мұндай пікірдегі ғалымдар: «Ынтық жандардың ғашықтық сезімдерін өшіруді қалайтын қатыгез жандар көп болған. Солардың қарғыстарының әсерінен, Ұрқия айықпас дертке шалдығады. Өзінің айықпасын сезген перизат Ақанға әдейі шайпау сөздер айтып, көңілін қалдырған» - деседі.

Қалай болғанда да адал, аңғал серінің жүрегіне шоқ тастаған Ұрқия есімді сұлуға арналған ән күні бүгінге дейін шырқалып келеді:

Ұрқия, шашың - жібек, қанжар– қасың,
Көрінер тамағыңнан ішкен асың...
Махаббат екеумізде қайнаған су,
Ішімді жандырады, сыртым салқын...

Мақпал

Ақжігіттің аңсарын аударған Мақпал есімді қазақтың қарагөз аруының бесіктен атастырып қойған жігіті бар болып шығады. Тіпті қалыңмалы да төленіп қойылған екен. Бір-біріне шын ынтызар қос аққу уәделеседі. Ақан оны алып қашып кетіп, алыстағы достарына барып пана іздемек болады. Алайда, екі ортада «жеңгетайлық» атқарып жүрген Мақпалдың құрбысы да Ақанды сүйіп қалып, бар сырын жұртшылыққа шашып қояды. Мұны естіген құдалар жағы ашуға салынып, сері жігітті соққыға жығып, елден қудалайды.

Біраз күн Дәнетінге салдым салық
Артымда зарланамын Мақпал қалып
Қосылған ғашық болып қайран құрбым
Қасіретің өзегімді кетті жарып! – деп зарланған Ақан өз тағдырына деген наразылығын дүйім жұртқа жайып салады.

Махаббатта бірнеше рет жолы болмаған Ақжігіт атамыз жар құшып, әке атануға аса асыға қоймаған секілді. Кейіннен ата-анасы: "Біздің де жасымыз келді, ел секілді келін жұмсап, перзент сүйейікті» жиі айта берген соң, тілектерін жерге тастағанды жөн көрмеген Ақан шаңырақ көтереді.

Бәтима апамыздан екі қыз, бір ұл сүйіп, ардақты әке атанғандығымен, бір қызы жас кезінде шетінеп кеткен екен. Ал жазмыштан мылқау болып туған ұлы Ыбан Ақанның серілік өнер жолында бірге жүрген айрылмас серігіне айналады.

Астына Құлагерін мініп, жанына Базараласын ертіп, білегіне Көкжендетін қондырып, серілік дәурен кешкен Ақанның атын естіген келіншектері әнге құмар ер азаматтардың қызғаныштан іштері қайнап, ауылға Ақан сері келіп түнемесе екен деп тілейтін болған деседі.

Жалғасы

Суреттер:alashainasy.kz,caspinfo.kz, wap.azblok.net, photodom.com

19065 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2012, 12:29
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2012, 12:14

Ақанның өзінен бұрын әніне ғашық болған-ау талай ару :)

+0
27 қыркүйек 2012, 12:14

Сол қыздардың бірі мен болсамғой, шіркін...))))

+0
27 қыркүйек 2012, 14:07

Өмірі қиналып өткен ғой

+0
27 қыркүйек 2012, 15:17

Ақанға ғашық қыздың өміріне қызықпаймын. Ол заманда туылмағаныма да қуанамын, Серінің әндерін естіп тарих пен әдебиеттегі орнын білсем де жетеді.

+0
27 қыркүйек 2012, 15:44

Ақанның заманында біз өмір сүрген болсақ, ол бізге ғашық болмас та еді ғой))))))

+0
27 қыркүйек 2012, 15:40

Абай мен Ақанның татуласуы туралы аңыз тағы бар...

+0
27 қыркүйек 2012, 17:23

анандай болған екен ғой ия :)

+0
27 қыркүйек 2012, 21:18

Менің оқыған кітабым бойынша,Ақан мен Ұрқия бір-біріне ғашық болып,Ақан оны алып қашады. Ұрқияның атастырылған күйеу жігіті және өзіне ұқсас Ұлжан деген сіңілісі болады. Ел арасындағы дау-дамайды басу үшін, Ұрқияның әкесі Ұрқия мен Ақанға батасын беріп,Ұлжанды алдыңғы құдаларына береді. Ұрқия айы-күні жақындаған кезінде қайтыс болады.

+0
27 қыркүйек 2012, 21:19

Ол сыған қызына да ғашық болған дегендіде бір газеттен оқып ем. :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...