Балаларға арналған ырым-тыйымдар

Дана халқымыз бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат деп есептеген. Расында, бала өмірге келеді, ержетеді, ұрпақ жалғастырады, елге қорған болады. Осы жолда ол бірнеше өмір сатысынан өтеді. Ендеше балаларға арналған ырым-тыйымдарды біле отырыңыздар!

Баланың желкесі терең шұқыр болса – қырсық болады. Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі. 

Аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – батыр, кемеңгер болады. 

Бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болады. Етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.

Жас балaға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп ырымдайды. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сapқытын жегізсе немесе олар cәбидің аузынa түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балағa қонады деген ырым баp. 

Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту ырымын жасайды. Оның негізгі мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы шыққан, елге танымал тұлғалардың жақсылығы жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені. 

Баланың тісі түскенде оны кесек ет, май немесе бауырсаққа қосып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сонымен бірге көктей болып өссін деп түскен тісті жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай болсын деп тауға қарата лақтырады. 

Егер бір үйде қыз туа берсе, келeсі баланы ұл болсын деп ырымдап, оған ұлдың aтын қoяды.

Аты cүріншек болaды деп балаға төcтің сүріншегін жегізбейді.