Әсем түймелер

Әсем түймелер
Фото: massaget.kz

Зергердің әйелдер үшін ең көп жасайтыны түйреуіш пен тана көйлектің тік жағасына, бас киімге, басқа да киімдерге тағылған. Қазақ күмістен және құлпырма тастан жасалған жалпақ, көлемді шытыраларды да тана деп атаған. Оларды қысқы-жазғы бас киімге (бөрікке), киімге, шашбауға, былғары, тері, парша, мақпалдан жасалған аяқ киімдерге де тігіп қоятын болған.

Үлкенді-кішілі алуан түрлі түймелер баскиімдерге, қамзолға, көйлекке иігіледі. Олар шар, конус, тамшы, күмбез, сүйір, доғал, гүлшоғы секілді түрлі пішінде әдемілеп жасалған, өйткені жоғары талғамға сай үздік түйме үлгілері қымбат бағаланған және өзге де әшекейлер секілді ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырған.

Әсіресе жұрт ақық алқаға әуес болған. Зергерлер доғал, шар, тіктөртбұрыш, шаршы, жапырақша, жүрекше, үшбұрыш, ромб түрінде жасалған ақықты күміске орнатып, оған түрлі сәндік салпыншақтар жалғаған. Тастың бетіне жіңішке етіп ширатылған алтын, күміс, мыс сымнан жасалған бейнелерді орналастырғанда, қызыл ақықтың тереңнен көрінген түсі бұйымға ғажап таңсық реңк беріп тұратын. 

Қ. Бүйенбай