Әке жолы: Шаңырағына құт қонған құсбегі

Әке жолы: Шаңырағына құт қонған құсбегі
Фото: massaget.kz

"Құсты жисаң – бүркіт жи, Құс тоныңды түлкі етер. Бұлғын, сусар киініп, Азбас, тозбас мүлкі етер" дейді Абай. Сан ғасыр бойы атадан мұра болып келе жатқан қыран құстың киесі мен қасиеті қашан да биік. Ол қазақтың салты мен дәстүрі үшін қаншалықты маңызды болса, оны баптайтын құсбегілердің де орны бөлек. 

Massaget порталы деректі фильмдер сериясын бастайды. Бүгінгі кейіпкер – Бауыржан Сейітжанұлы. Әке жолын жалғаған құсбегі Бауыржан ағаның төрт ұлы да бүркітші. "Ұлым қыран болсын, қыраным ұран болсын" деген сөзді ту еткен бұл отбасы қыран құс төңірегінде, құсбегілік өнер жайлы өздері баяндасын. 

Назарыңызға "Әке жолы" деректі фильмін ұсынамыз.


Massaget.kz