Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Шаңырақ / Қансонар / Тазының мінез-құлқы

Тазының мінез-құлқы

Тазының мінез-құлқы

Ит 1,5-2 жасында толық жетіліп, ұйығады. 58-65 күн өткенде көздері жұмылған, құлағы естімейтін, тіссіз қызыл иек, соқыр, саңырау күшіктер туады. Шамамен бір апта өткенде құлақ тесіктері ашылып, онан тағы он күн өткенде көзін ашады, бір айда сүт тістері шығады.

Қазақтар бауырын жаңа көтерген кезінде тазы күшігін қарғыбауын беріп, үйіне әкеледі де, мәпелеуді бастайды. Арам мен қарам, адал мен сауап деген ұлттық категорияларды биікке қоятын қазақтар дәстүрінде күллі хайуанаттардан үйге емін-еркін кіріп шығуын рұқсаттаған бірден-бір хайуан (мысықты және мал төлдеген уақыттағы малшы үйіндегі төлді есептемегенде) - ол тазы (!) ғана. Тазыны қазақтар киіз үйдің кіреберісінің оң жағына астына киіз төсеп, жатқызып қояды...

Тазыға ұшқыр, алғыр болсын деп көбіне аса жүйрік аңқұстың атын қояды. Мысалы, ұшқыр да, қыран болсын деп, "Лашын", киіктей зауласын деп, "Сүркиік", жүйрік аттай болсын деп Көсқасқа, жолбарыстай айбарлы болсын деп, "Жолбарыс", адал, қырағы болсын деп, "Сырттан", қасқырға шабатын, қасқыр алғыш болсын деген үмітпен, "Бөрібасар", сақ болсын деп, "Саққұлақ", алғыр өжет болуға балап, "Жарып сал", "Алып соқ", жолы болғышқа меңзеп "Жолдыаяқ", өңі, сыртқы бейнесіне қарай "Аламойнақ", "Ақтөс", "Төрткөз", "Майтабан" деген сияқты атаулары қазақ ауылдарында кездеседі. Жазушы С.Мұқанов Әшімнің Сарықасқасы, Төренің Көкшолағы, Саққұлақтың "Сұркиігі" дейтін қасқыр алатын иттер болғандығын айтады. Сүлеймен дейтін аңшының жолбарыс тұлғалы "Сарықасқа" атты иті кейде аңсары ауып кетіп, өз бетімен сексен қасқыр алғандығын жазады. Итті алғаш алғанда: "Итің аңшы, аң алатын ит болсын!" деп тілек айтады қазақ. Құлағының бұйра шашағынан басқа денесінің түгі жетіле қоймаған қызылшақа күшікті тақыр тулақтың үстіне, күншуаққа кешкісін жылы жерге жатқызып қояды. Адамдарға, иесі мен бала-шағасына үйір етеді, тіптен түнде жылы төсегінен де орын береді. Иісі сіңген адамын ол жақсы көріп бауыр басып кетеді, күшік иесі мен үй адамдарының соңынан қалмай еріп жүретін болады.

Тазы күшігі әбден адамға үйреніп дағдыланған соң далаға ертіп шығып, ауыл маңында жүреді, адамдар мен үй малына үйірсек етеді. Бірте-бірте аяқ-қолы жетіле түскен сайын ауылдан аулағырақ ұзатып шығып бұта-шілікшөп ішінде қонақтаған бөдене, жортып жүрген кесірткелерді қуалап, ойнатудан баулуды бастайды. Осылайша күшіктің неге әуес екендігін байқап бажайлайды... Күшік бітік шөп, бұта арасы, тау-таста ойнаған кезде ауаны иіскеп, танауын тартып, зыр жүгіретін болса, ондайда оның бойында тазылық қасиет әбден байқалды дейді. Ал ондай сәттерде зулай жөнеліп, бейсауат жүрген кішігірім аңдарға ауыз салатын болса оның соңынан қалмай, қорғаштап, аңды алуына көмектеседі. Өйткені аң талап тастаса жүрегі шайлығып, аңға жүгірмейтін, қорғаншақ болып қалады дейді. Осылайша күшікті жастайынан баулиды. Келешекте ұстататын аңдарын "жаралап" оны күшікке ұстатып үйретеді, аң етін жегізіп дәніктіреді.

Иттің бір жасқа толған шағын "үйіне толды" деп атайды. Үйіне толғанға дейін күшікке тамақты тойдыра мол береді. Тазы күшігі үйіне толған кезде дене бітімі сомдалып, құлағының бұйра шашағы төгіліп, қайратты тазығыр шабдар түгі күмістей жылт-жылт етеді, аяғының бұлшық еттері тарамдалып, болат серіппедей ширығып тұрады. Тазы дегдар, бекзада адам тәрізді кірпияз, әрнені жемейтін талғампаз болып келеді. Қыс маусымында үйде жатады. Үйдегі адамдардың тірлік ырғағына еш нұқсан келтірмейді. Өзімен-өзі жата береді. Егер сыртқа шыққысы келсе дегбірсіздене белгі береді, есіктің тұтқасына жармасады. Оларға қанша аш болса да аштығын білдірмейтін төзімділік тән.

Қазақ тазыларында табиғи инстинкт, қабілеттілік инстинкт өте жоғары жақсы дамыған, көзінде ақылды адамға тән тереңдік пен тектіліктің ізі жатады дейді маман. Ал тазы дүбәрә болса оның көзі ойнамалы, тексіз, ұрлықшы, әрнені жалмайтын, талғамай жей беретін тәрізді оғаш қылықтары болады. Тазы елгезек, қозғалысы шапшаң, құрсағын қаншырдай тартқан, тұрқы ұзын, бойы сұңғақ, елеңдеген көзқарасы ширақ болады. Тазы адамның "құлы" емес, керісінше бір-біріне бауыр басқан, пайда келтіретін, қалыптасқан байланыс нормалары бар. Ит, соның ішінде тазы адамдар ортасында олардың көмегімен жақсы дами отырып, өз қабілетін көрсете алатын жануар. Сондай-ақ ол көргенін жазбай қайталайтын есте сақтау қабілеті жақсы дамыған есті хайуан. Үйретіп, баулыған кезде тазының мінез-құлқы кез келген жағдайда, әсіресе адамға байланысты, тұрақты болу жағын қалыптастыруға ерекше ден қояды. Тазылар бауырластар ішінде бір-біріне бағына білетін жануар.

Б. Хинаят, Қ.М. Исабековтің " Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы" атты  кітабынан алынған.

Сурет: lh4.ggpht.com

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 13 қаңтар 2015, 09:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.