1 жас 6 айға толған баланың дамуы

1 жас 6 айға толған баланың дамуы
Фото: Taush.O

1 жас 6 айға толғанда баланы балабақшаға беруге болады. Осы жастағы дені сау бала не істей алуы керек?

  • Заттарды пішініне, көлеміне, түсіне қарай ажырату:
  • Дөңгелек пен төртбұрыштыны ажырата алады, ересек адам сұрағанда қайсысы дөңгелек, қайсысы төртбұрыш екенін тауып береді. 
  • Үлкен, кіші заттарды бір-бірінен ажыратады. Ересек адам алдымен "мынау кіші, мынау үлкен" деп үйретуі керек. 
  • Пирамида құра алады. 
  • Екі-үш түсті біледі. "Мына түсті тауып бер" деген сөзге түсінеді. 
  • Қағазға тіке, дөңгелек сызықтар салады. 
  • Ойын:
  • Кітаптың беттерін парақтап, былдырлап оқиды. 
  • Дөңгелегі бар заттарды итеріп жүреді. Бауы бар ойыншықтарды сүйрейді. Ойнап жатқан кезінде бір-екі әрекетті жиі қайталайды, мысалы, қуыршақты ұйықтатады, тамақтандырады.
  • Іс-қимыл:
  • Біреу жылап жатқанда аяп, өзі де қосылып жылайды. 
  • Жылап жатып, күле салады. Күліп жатып, жылай салады. 
  • Басқа кішкентай балалармен жақсы ойнайды. 
  • Өз ойыншығын басқа балаға бермейді, алып қойған жағдайда тартып алады. 
  • Ересек адамның назарын іс-қимылымен, жылап, қолынан тартып өзіне аудартады. 
  • Ересек адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды. Олардың іс-қимылын қуана бақылайды. 
  • Анасы бір жаққа кететін болса, жылайды. Біраз уақыт сағынып отырады.
  • Бір ойыншықты екінші ойыншыққа салғанда қуанады. Істей алмаса жылап, айғайлап, шыңғырады. 
  • Әнді естісе билейді. 
  • Тілі:
  • Ересек адам сұрағанда дене мүшесін көрсетеді. "Басың қайсы?", "Мұрның қайсы?" секілді сұрақтарға басын, мұрнын көрсетіп жауап береді. 
  • Көп сөзді, көп сөйлемді түсінеді. 
  • Ересек адам сұраған іс-әрекетті істейді. "Отыр", "тұр", "жүр", т.б. сөздерді түсінеді. 
  • 40-қа дейін қысқа сөздерді айтады.
  • Айтқан сөзін қимылымен түсіндіреді. Мысалы, "жүр" деп ересек адамды қолынан тартқылайды, т.б.
  • Басқа да әрекеті:
  • Қасықты қолымен ұстап, өздігінен тамақтанады.
  • Шыныдан төкпей іше алады. 
  • Физиологиялық қажеттіліктерін ересек адамға айта алады. 
  • Жуындырған кезде қорықпайды. 
  • Физикалық дамуы:
  • Өзі жүреді. 
  • Алдындағы заттан аттайды. 
  • Сатыға шығып, түседі.
  • Орындықта өздігінен отырады. 
  • Допты жоғарыға, төменге лақтырады. 
М. Оңғарова