Ел игілігіне жасалған жақсылықтар

Ел игілігіне жасалған жақсылықтар
Фото: massaget.kz

"Туған жер" жобасы Қазақстан азаматтарын туған өлкені тану, дамытуға тартуды, жергілікті өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде мемлекет пен азаматтық ортаны жұмылдыруды мақсатында жұмыс жасайды. Шолу жасап өтсек...

Жоба бүгінгі таңда екі түрлі бағытта жүзеге асырылады: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту.  2019 жылы "Туған жер" жобасы аясында мемлекет деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілген. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 14 миллиард теңге жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен алынған. Жалпы, 2017-2019 жылдары мемлекет бойынша 11 173 меценат және 274 миллиард теңге көлемінде қаражат алынған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынған және 547 нысан жаңартылған.

Биыл Қызылорда облысында "Сыр жұрты" танымдық-пассионарлық жобасы жұмысын бастады. Жоба барысында "Туған жер - тұңған шежіре" бағыты бойынша ақпан-сәуір айларында ортағасырлық Сығанақ қалашығына, Оқшы Ата, Төлегетай қылышты баба кесенелеріне М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі және "Orda" жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен екі мәрте экспедиция жасалған. Осы тектес шаралар Қазалы ауданының студенттері мен тарихшы-өлкетанушыларының қатысуымен "Тарих-Туризм" тақырыбында ортағасырлық Жанкент қалашығына, Қосым қожа, Дәулет бақсы, Сартай батыр, Ақ ишан, Қарасақал Ерімбет, Адам ата кесенелеріне жүргізілген.

Алматы қаласы бойынша Наурызбай ауданы 30% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Тағы 20%-ы 36 ұңғымадан су алады. Халықтың қалған 50%-ы Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарғалы шағын аудандарын қамтитын Қарғалы және Ақсай өзендерінен ашық су тартудан суды пайдаланады. 

2022-2023 жылдары тағы 74,5шақырым су құбыры мен 35,7 шақырым кәріз құбырларын салу жұмысы аяқталады. 

"Ауданда Қарғалы өзенінде жаңа су дайындау станциясының құрылысы басталды, келесі жылы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде "Қарғалы" тазарту станциясы тәулігіне 4 мың текше метр су өндіреді. Жобаны іске асырғаннан кейін өндірістік қуат тәулігіне 15 мың текше метрге дейін ұлғайтылады. Екінші "Ақсай" тазарту станциясы тәулігіне 22 мың текше метр су өндіреді.

Жағдайды жақсартып, ауданды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 км болатын кәріздік коллектордың техникалық-экономикалық негізін әзірлеу туралы шешім маңызды болды, Коллектор қолданыстағы үй құрылыстарынан және қосылған аумақтарда, сондай-ақ Алатау ауданының аумағынан қосымша салынып жатқан сарқынды суларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Өскемен қаласы бойынша қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 230 мың тонна көмір шаһар тұрғындарының қажеттілігін толықтай өтейді. Оның ішіндегі 35 мың тоннасы халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Қараша айының басында 157 349 тонна көмір сатылған. Бұл жалпы көлемнің 68,4 пайызын құрап отыр.

Г. Берік