Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Көзайым / Сұлтан үпі құдірет күшке ие болған ба?

Сұлтан үпі құдірет күшке ие болған ба?

Сұлтан үпі құдірет күшке ие болған ба?

Қазақ жерінің батыс аймағындағы Маңғыстау өңірінде көрген көзді рухтандыратын, құпиялылығымен таңқалдыратын ХІІ-ХІІІ ғасырлардың ескерткіші саналатын Сұлтан үпі жер төлесі орналасқан. Сұлтан үпі жер асты мешіті Форт-Шевченко қаласының солтүстік – шығысынан 57 км жерде, Сарытас шығанағына таяу, Сұлтан үпі сайының жоғарғы жағында орналасқан. Алғашқы рет мешітті тазалау жұмыстары 1980 жылы жүргізілді. Ал 1993 жылдан мемлекеттік қорғауға алынды. 

Жартасты ойып жасалған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады. Мешіттің ішіндегі сырық ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың ортасында Сұлтан үпінің зираты орналасқан. Мешіттен 6 метр қашықтықта орналасқан Сұлтан үпі құдығы назар аударарлықтай. 1870 жылы Ломакин жазбаларында ғана айтылған құдық ХІХ ғасырда салынған. Құдықтың архитектуралық стилі – маңғыстаулық ХІХ ғасырлық стильге өте ұқсас. Құдықтың ішіндегі әрбір тас бір формада қашалып, дұрыс қисық бойымен орналасып, аузына қарай тарыла бастайды. Тастардың тегістелуінде мін жоқ. 

Ертеден айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенетін болсақ, Сұлтан үпі Хакім Сүлеймен Бақырғанидың кенже ұлы. Сұлтан үпінің азан шақырып қойған есімі Құбби қожа екен. Алғашқы екі ұлы Бақырған қаласынан 15 шақырым жердегі мектепке хат тануға кеткен. Ал кіші перзенті Құбби қожа үй шаруашылығында әке-шешесінің көмекшісі болып қалған деседі. Құбби қожаның күштілігін суреттеген халық оның әкесіне Қағбаны әкеліп бергенін айтады. Сондай-ақ, ол керемет аңшы, саятшы болғаны ұмыт қалмаған. Сұлтан үпінің кереметтілігінің ішінде, оның өлгенді тірілтетін қасиеті жайлы да айтылады. 

Әфсана бойынша, әкесін аса құрметтеген және өз күшінен артық күшке ие болған ұлы Құбби қожаны Хакім ата алыс ұстап, жиі сынға ұшыратқан. Бір уақытта Хакім атаның муридтері жиналып он өгіз сойып, Құбби қожаға қалдырмастан өзара бөлісіп жеп қояды. Әкесінің алдыңғы қылықтарына және ағаларына ренжіп Құбби қожа қоштаспастан елінен кетіп қалады. Алайда, ұлын іздеген әкесі ашуланып, молаңның үстінен 40 жыл су ақсын деп қарғаған екен. Хакім ата өмірден озған соң, оны Бақырған қаласының маңына жерлейді. Алайда, Әмудария өзені бағытын өзгертіп, Хакім ата жерленген мекенді 40 жыл бойы су жуады. Сөйтіп әкесінің өз қарғысы, өзіне кері тиген. Бұл кенже ұлы жайлы айтылғанда, оны ешқандай қарғыс алмайтын кереметтілігі туралы да айтылады. Кіші інілерін ұзақ іздеген Құбби қожаның екі ағасы оның Маңғыстаудағы зиратын табады. 

Құбби қожаның Сұлтан үпі аталуын халық көптеген аңыздарға негіздейді. Бірі, үпі сөзі – сопы сөзінен шыққандығын алға тартады. Ал оның жертөледе өмір сүруі соған дәлел деп қоя береді. Этнограф Г.П. Снесарев Султан-Хубби есімінің негізінде иранның «об» — «су» сөзі жатыр деп жазады. Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары оны Убю рухы деп есептейді екен. Ал Ташауыз түрікмендерінің айтуынша бұл табылмай кеткен Хакім-атаның Сұлтан Уппи ұлы деседі. Бірақ одан көмек сұраған кезде ол судан шығып, қол ұшын береді деп сенеді. Қатты найзағай ойнап, толастамай жаңбыр құйғанда «Сұлтан үпі, сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп жалбарынатын сөз қалған.

Дереккөз: munara.kz

Фото: munara.kz
Қосылған күні: 11 наурыз 2016, 22:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.