Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда жасалған / JASTAR INNOVATION байқауы басталды

JASTAR INNOVATION байқауы басталды

JASTAR INNOVATION байқауы басталды

Биылғы Жастар жылына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, "Жастарға қолдау көрсету" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен JASTAR INNOVATION байқауының өтетінін хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты:

►   Жастардың жаңашыл бастамаларына қолдау көрсету.

►   Жастарды кәсіпкерлікке баулу, білімін, біліктілігін арттыру.

►   Жаңашыл идеялар, жобалар арқылы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық т.б. мәселелерді шешуге ықпал ету.

Жоба үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Өтінімдер 2019 жылдың 24 қазаны мен 3 қараша күні аралығында www.almatyjastary.kz сайты (бұдан әрі – Сайт) арқылы қабылданады. Байқауға 18-29 жас аралығындағы ҚР-ның азаматтары қатыса алады. Қатысушылар өз жобалары жайлы қысқаша 2 минуттық видеоролик түсіріп жіберулері шарт. Жобалар әлеуметтік-инновациялық бағытта (кез келген саладағы) болуы керек.

Өтінім беру келесі қадамдарды жасау арқылы жүзеге асады.

►   www.almatyjastary.kz сайтына кіресіз
►  JASTAR INNOVATION бөліміне өтесіз
►  Аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, электронды поштаңызды жазасыз
►  "Видео" бөліміне өзіңіздің жобаңыз жайлы видеоролигіңізді енгізесіз.
►  "Өтінім беру" пернесін басасыз. Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда қабылданғаны жайлы ақпарат шығады.

Видеороликке қойылатын талаптар:

►  Видеода 4 негізгі мәлімет қамтылуы қажет. (Жобаның атауы, мақсаты, қоғамға әсері, жаңашылдығы т.б.)
►  Видеоны еркін форматта түсіруге болады (қазақ немесе орыс тілінде қабылданады).
►  Видеоның сапасы жоғары және уақыты 2 минуттан аспауы шарт. 

2-кезең: ОҚЫТУ САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСУ

Жоба жетекшілеріне тегін шеберлік-сыныптарға, кездесулерге қатысуға жолдама беріледі. Оқыту сабақтары қараша айында өтеді. Оқыту сабақтарын елімізге танымал бизнес-тренерлер, табысты кәсіпкерлер өткізеді. 

3-кезең: "ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА" КӨРМЕСІ

Іріктелген жобалардан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге инвесторлар, табысты кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтар қатысады. Көрмеде іріктелген жобалардың таныстырылымы өтеді. Қазылар алқасының таңдауымен үздік жобалар марапатталады. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан өзге де бағалы сыйлықтар мен гранттар беріледі.

Ескерту: Байқаудың 2-і және 3-кезеңдері Алматы қаласында өтеді. 

Байқаудың 1-кезеңі 2019 жылдың 24 қазан күні мен 3 қараша аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында www.almatyjastary.kz сайтында Jastar Innovation бөлімі арқылы өтінімдер қабылданады. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: JASTAR INNOVATION
Қосылған күні: 31 қазан, 09:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.