Эксперимент: Қазақстан vs Америка азаматтары қаншалықты көмекке әзір

Мәдениеті мен менталитеті екі түрлі мемлекеттің азаматтары науқас адамға қаншалықты көмекке әзір деген сауалға Youtube.com видеохостингінің Burn TV арнасының пранкерлері жауап іздеді. Олар Қазақстан мен Америка елдерінің азаматтары қаншалықты көмекке дайын екендерін әлеуметтік эксперимент арқылы тексеріп көрді. Эксперимент Қазақстанның Астана және Американың Нью-Йорк қалаларында өткен.  

Ең қызығы, жоба авторларының сөзіне сенсек, тәжірибе нәтижесі оларды қатты таңғалдырыпты, себебі Астана қаласының тұрғындары кенеттен ауырып қалған науқасқа көп күттірмей келген. Ал Нью-Йорк қаласында болған түсірілім кезінде 1 күн ішін небары 3 адам ғана көмек қолын созып, жағдай сұрасқан.