Алматы облысында төрт ауылға газ қосылады

Алматы облысында төрт ауылға газ қосылады
Фото: sputnik.kz

Алматы облысының Алматы қаласына іргелес жатқан төрт ауылына табиғи газ тартылды.

Атап айтқанда, Талғар  ауданына қарасты Ақдала, Ақтас, Жалқамыс ауылдары мен Аққу ықшамауданында газ құбырлары салынып жатыр. Газ желісін тарту жұмысы мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда.

Алматы облысы Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, Ақдала кентінде 200 тұрғын, Ақтас кентінде 80 тұрғын және Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға, Талғар қаласының Аққу ықшамауданында 300 тұрғынға көгілдір отын қолжетімді болмақ. Қазір газ тарту желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желі тарту жұмысы жақын арада аяқталады.

Аққу ықшамауданында газ құбырын тарту жұмысы аяқталып қалды.

"Аймақтарға газ тарту мәселесі президенттің тапсырмаларына сай жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қолжетімді болу үшін жеңілдіктер де берілуде. Мәселен, абоненттердің газ қостыру құны 180 мың теңгеден аспайды", - дейді басқарма басшысы Дастан Шалтабаев.

Талғар ауданында қазір 48 елді мекен бар. Оның ішінде 29 елді мекенге газ тартылған. Биыл үш елді мекенге газ тарту жұмыстары аяқталады. Әзірше ауданның газдандыру деңгейі 61 пайызды құрайды. Ауданда әлі газға қосылмаған 18 елді мекен қалды.

Алматы облысының Шарын, Тасқарасу және Бахар ауылдарына газ тарту мәселесі жоспарда тұр. Газ тарту құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Ал Ұйғыр ауданына газ қосылған. 2100 үйге газ тартылған.

Қ. Слямбек