- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екінші рет алды:...
Екінші рет алды: Химия саласы бойынша Нобель иегерлері белгілі болды
Стокгольмде биылғы мәртебелі сыйлықтың лауреаттары жарияланатын Нобель апталығы жалғасып жатыр. Бүгін химия саласы бойынша марапат иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Нобель комитетінің ресми сайты хабарлады.
Химия бойынша биылғы Нобель сыйлығы Каролин Рут Бертоцциге, Мортен П.Мельдалға және Барри Шарплесске «клик химиясы мен биоортогональды химияны дамытқаны үшін» берілді.
«Барри Шарплесс пен Мортен Мельдал молекулалық құрылыс блоктары тез және тиімді біріктірілетін клик химиясы деп аталатын химияның функционалдық формасының негізін қалады. Кэролин Бартоцци клик химиясын келесі деңгейге көтеріп, оны тірі ағзаларда қолдана бастады», - делінген Нобель комитетінің мәлімдемесінде.
Барри Шарплесс Нобель сыйлығын екінші рет алды. 2001 жылы ол «фармацевтика өнеркәсібінде қолданылған зерттеулер – тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін хиральды катализаторларды жасау» бойынша марапатқа ие болған.
BREAKING NEWS:
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 5, 2022
The Royal Swedish Academy of Sciences has decided to award the 2022 #NobelPrize in Chemistry to Carolyn R. Bertozzi, Morten Meldal and K. Barry Sharpless “for the development of click chemistry and bioorthogonal chemistry.” pic.twitter.com/5tu6aOedy4
Фармацевтикада жаңа молекулаларды жасау көбінесе бұрыннан емдік қасиеттері бар табиғи қосылыстарды қайта құрумен байланысты.
«Биылғы химия сыйлығы қиындатуға емес, оңай және қарапайым нәрсемен жұмыс істеуге ұмтылу үшін берілді. Функционалды молекулаларды тіпті тікелей жолмен салуға болады», - деді Химия бойынша Нобель комитетінің төрағасы Йохан Оквист.
Өткен жылы Нобель сыйлығы Бенджамин Лист пен Дэвид Макмиллан химия бойынша "асимметриялық органокатализаторды дамытқаны үшін" берілген болатын.
Т. Раушанұлы