Алматылықтарға серуендеуден бас тарту ұсынылды

Алматылықтарға серуендеуден бас тарту ұсынылды
Фото: Pixabay.com

Қазгидромет Алматыда ауа райына байланысты ескерту жариялады. 26 маусымда күндіз қалада қатты ыстық болады. Термометр бағаны 36 градусқа дейін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ыстық ауа райы, әсіресе, жүрек-қан тамыры аурулары, артериялық гипертониясы бар, сондай-ақ, инфаркт, инсультпен ауыратын адамдар үшін қауіпті. Серуен, шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.  

Дәрігердің нұсқаулығын нақты орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыру керек", - деді ТЖД өкілдері. 

Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпеу үшін серуендеуден бас тартуға шақырды. 

Ж. Қадыржанова