Президент әкімшілігінде тағайындау болды

Президент әкімшілігінде тағайындау болды
Фото: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Тұрғаналы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

С. Сатыбалдина