Ақтөбеде адамдар отырған аттракцион өртенді

Желіде Ақтөбеде аттракцион өртеніп жатқан видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар бірнеше күн бұрын Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілген. Қыздар "Түймедақ" аттракционына мінген. Олар кенет аттракционның бір бөлігі өртеніп жатқанын байқап оқиғаны видеоға түсіріп алған.

"Біз мұнда түтіндеп, бір жағынан аттракционда отырмыз. Міне, осындай жағдай. (...) 500 теңге бересің, содан кейін "жанасың", - делінген видеода.

Кадрлардан өрт шыққан кезде аттракциондағы адамдардың ешқайсысы дүрбелең туғызбағаны, кейін карусель тоқтағанын көруге болады. Оқиға салдарынан келушілердің ешқайсысы зардап шекпеген.