Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін - ІІМ

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін - ІІМ

Ішкі істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты нигериялық Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Бүгінде оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процестік шешім қабылдау мақсатында қажет материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды", - деді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғаны туралы айтқан болатын.

Г. Досымшалова