22 маусымда ауа райы қандай болады?

22 маусымда ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күн күркірейді, облыстың солтүстігінде жел екпіні - 18 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркірейді, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Г. Досымшалова