Алматылық тұрғын бір жылға жуық өлді деген есепте тұрған

Алматылық тұрғын бір жылға жуық өлді деген есепте тұрған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғыны марқұм құрбысының кесірінен өлді деген есепте тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, 2019 жылы Б. өзіне жалған құжаттар жасаған: ол досы А-ның жеке куәлігіне өз суретін жапсырған. 2021 жылғы қыркүйекте Б. ауруханада қайтыс болған. Осыдан кейін Түрксіб ауданының АХАЖ бөлімінде А. қайтыс болды деген есепте тұрған, себебі құжатта оның деректері болған.

"Осыдан бастап оның Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметті, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады. Барлық органда әйел қайтыс болғандар тізімінде тұрды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Кейін ол прокуратураға жүгінген, ал олар барлық мән-жайды тексерген.

"Оның сотқа өз бетінше жүгіне алмағанын ескеріп, Түрксіб ауданының прокуратурасы арызданушының мүддесін көздеді. Сот арызды қанағаттандырды. АХАТ органы арызды мойындап, өлім туралы жазбаны жойды", - деді қадағалау органы өкілі.

Ал полиция құжатты қолдан жасау дерегі бойынша соталды тергеуді бастаған.

"Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау - қадағалау қызметінің басты бағыттарының бірі. Азаматтар физикалық, психикалық және басқа да жағдайға байланысты құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын жағдайда прокурор олардың мүдделері үшін өтініш беруге құқылы", - деп қорытындылады қадағалау органы қызметкері. 

Ж. Қадыржанова