Ақтөбе тұрғыны "құлпынай супер Айды" суретке түсіріп алды

Ақтөбе тұрғыны "құлпынай супер Айды" суретке түсіріп алды
Фото: Жанар Мұқышева

Ақтөбе тұрғыны Жанар Мұқышева "құлпынай Айдың" куәсі болды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Бұл көріністі жергілікті тұрғындар 14 маусымға қараған түні тамашалады. 

Қала тұрғынының айтуынша, сурет Нокин даңғылында түсірілген.

Жергілікті тұрғындар келесі екі түнде де Ай толық және өте үлкен болып көрінгенін айтып жатыр.

Құлпынай Ай деп аталу себебі түсіне байланысты емес, бұл уақытта құлпынай жинау маусымы басталады. Басылым мәліметінше, 14 маусымда Ай жай ғана толып қоймады, оның орбитасы Жерге өте жақын келді. Содан үлкен әрі жарқын болып көрінді. Бұл құбылысты супер Ай дейді. 

G. Dosymshalova