Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: ©Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!

Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.

Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деді Тоқаев құттықтауында.

G. Dosymshalova