Нұр-Сұлтан әуежайының жұмыс режимі уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан әуежайының жұмыс режимі уақытша өзгереді
Фото: Тұрар Қазанғапов

15 шілде мен 8 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты шектеулі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі.

Ведомство мәліметінше, елорда әуежайы ұшақтарды түнгі уақытта қабылдап, жібереді.

"15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін Нұр-Сұлтан әуежайында ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізіледі", - деп мәлімдеді комитеттегілер.

Ұшу-қону жолағын жөндеу туралы ақпарат Мемлекеттік күзет қызметі мен "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясына да хабарланды.

G. Dosymshalova