Өскеменде жігіт қыздарды құтқарамын деп суға батып кетті

Өскеменде жігіт қыздарды құтқарамын деп суға батып кетті
Фото: Иллюстрация

Өскеменде жігіт суға батып кетті. ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай рұқсат етілмеген жағажайда болды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

"13 маусымда Ұлан ауданындағы рұқсат етілмеген жағажайда демалушылар жігіттің суға батып бара жатқанын көрген", - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Жігіт судан шығарылды, адамдар дем алуына көмектесіп көрді, бірақ есін жимады. Марқұм 2000 жылғы екені белгілі.

"Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт өзімен бірге демалуға шыққан қыздарды құтқарған", - деді олар.

G. Dosymshalova