Тоқаев шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады

Тоқаев шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысатынын айтты, - деп хабарлайды "Массагет". 

"Шілдеде Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, онда елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады, оның ішінде инфляция және инвестициялар мәселелері көтеріледі", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер барлық министр мен әкімге жаңадан құрылған үш облысты ескере отырып, отырысқа дайындалуды тапсырды.

С. Сатыбалдина