Павлодар әкімі тікелей эфирде Ертіс өзеніне түсті

Павлодар әкімі тікелей эфирде Ертіс өзеніне түсті

Павлодар әкімі Асайын Байханов Instagram-парақшасында тікелей эфирде Ертіс өзеніне түсті, - деп хабарлайды "Массагет".

Асайын Байханов қаладағы орталық жағалауға барып, өзі үшін шомылу маусымын ашты. 

"Қайырлы күн құрметті жерлестер, су жылы. Бірақ ағыны қатты. Адам өте көп. Су таза. Құтқарушылар катерде қарап отыр. Жұмыстан соң бір сағат шомылуға арнаған керемет. Суы керемет", - дейді ол.  

Қала әкімінің бұл әрекетін Желі қолданушылары құптап отыр. Олардың бірі әкімнің халықпен бірге демалып, екінші жағынан өзі тексетіп шыққаны құрметке лайық дейді. Сондай-ақ, жағалаудың көркейе түскенін жазып жатыр.  

"Бәрі керемет, халық үшін жасалып жатқанды енді бағалай білейік!, "Биыл жағажай керемет! Жұмысыңыз үшін рақмет!", "Жұмысыңызға рақмет, бүгін жағалауда серуендеп келдік, таңғалдық!", - дейді олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

G. Dosymshalova