Павлодарда әскери қызметші қаза тапты

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Оқыс оқиға № 5512 әскери бөлімінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, шақырту сағат 19.17-де түскен. 

"Әріптестерінің айтуынша, ер адам КамАЗ көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Сол кезде жарылыс болған", - дейді басқарма өкілі. 

Оқиға салдарынан 1990 жылы туған жігіт жарақат алып, қаза тапты.