Білім беру гранттарының саны өседі

Білім беру гранттарының саны өседі
Фото: massaget.kz

Қазақстанда жоғары оқу орындарында бөлінетін білім беру гранттарының саны көбейді. Былтыр түлектерге 56 мыңға жуық білім беру гранты берілсе, биыл 61 мың грант берілмек. Бұл жайлы ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Былтыр түлектерге берілетін білім беру гранттарының саны 51 мыңнан 56 мыңға көбейген еді. Биыл да тағы 5 мың тегін білім беру гранты қосылмақ.

Ал жалпы 2025 жылға дейін білім беру гранттарына саны 76 мыңға жетпек. Жыл сайын 5 мыңнан қосылып отырады. Барлығы – 15 мың грант.

Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

"Осылайша, Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, өткен жылы бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ отбасыларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады", –  деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Қ. Слямбек