WhatsApp-та стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады

WhatsApp-та стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады
Фото: tengrinews.kz

WhatsApp мессенджерінде стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gizmochina.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл функция бета-нұсқалардың бірінде қолжетімді. Стикерді пайдаланушының галереясында бар суреттерден жасауға болады. 

Стикерді өңдеуге де мүмкіндік бар. Суретті кесуге, мәтін немесе эмодзи қоюға, сонымен қатар, үстіне басқа стикер қосуға болады. Жаңадан жасалған белгішелер стикер бөліміне түседі. Бұл функция алдымен Android қолданушыларына, ал кейінірек iPhone-ға шығады.

Sticker Maker арнайы функциясы қазіргі уақытта тек WhatsApp Web-те қол жетімді, бірақ ол жақын арада қосымшада пайда болады. 

 

Н. Үсенова