Jaidarman Cup- Ширек Финал! Байқоңыр командасы «Jaidarman Cup» ойынынан шығып кете ме?

Jaidarman Cup- Ширек Финал! Байқоңыр командасы «Jaidarman Cup» ойынынан шығып кете ме?

Ойын бірте-бірте қызып, ойыншылар да, қазылар алқасы да қобалжуда. Әр команда басып озу үшін бар күштерін жинап, өздерінің әзілдерімен көрерменді қуантып жатса, үздігін таңдау қиынға түсіп жатқанын қазылар алқасы мойындап отыр. Енді қай команда басып озарын көре жатармыз.

Бұл жолы да Байқоңыр командасы өздерінің «политикалық» әзілдерімен ерекшелене түсті. Дегенмен, өзекті тақырыптарын әзілмен жеткізуге тырысқан команданы қазылар алқасы мен  «Жетінші арнаның» бас продюсері қатаң сынға алды. Алдыңғы шығарылымда Байқоңыр командасына қатысты қазылар алқасы өзара келісе алмай, пікір екіге бөлініп еді. «Әзілдің басты қылышы саясат емес, ол интеллект» - деп пікірін білдірген «Жетінші арнаның» бас продюсері Азамат Атагелдiмен қазылар алқасының басқа мүшелері келісе алмай, өзара талас болған. Қарсы пікір білдірген Әбунасыр Серіков жастарды қолдап, командаға ерекше сенім артты.

Өткен сынды ескере отырып, дайындығы арта түскен  Байқоңыр командасы арнайы «Жетінші Арна» және Jaidarman Cup үшін «болашақ әкімін» таныстырды. Ойын барысында командалар  Нұр-Сұлтан қаласындағы ЛРТ мәселесін сахнада талқыласа, бірісі осы уақытқа дейін бойдақ жүрген Марат Достаевтың болашақ жары болуға үміткерлерді таңдап берді. Марат мырза таңдау жасаудың қиын екенін айтып, біраз ойланып та қалды. Қазылар алқасының мүшесі Кеша команданың бұл тапқырлығын жоғары бағалап, жақсы дайындық болғанын ескерсе, Әбунасыр Серіков өзінің тоқалы жайлы сөз қозғады. Үйдегі кейбір тұрмыстық мәселелерін айта отырып, шешімімен де бөлісті.

Бұл ширек финал ойыншылар арасында талас-тартыс ойын, көрермен үшін қобалжу мен қолдау, ал қазылар алқасы үшін қиын таңдау екені сөзсіз.

Дәл осы шығарылымды толық тамашалау үшін, әр сенбі 18:45-те Jaidarman Cup «Жетінші арна» қосулы болсын!

Н. Үсенова