Қазақстанда "Халық" қайырымдылық қорының "Ел тірегі – Елбасы" акциясы бастау алды

Қазақстанда "Халық" қайырымдылық қорының "Ел тірегі – Елбасы" акциясы бастау алды
Фото: "Халық" қайырымдылық қоры

2021 жыл елеулі датамен - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлік Отанымыздың символына айналды. Бірліктің арқасында барлық кезеңдерде Қазақстан халқы кез келген сынақты еңсерді.

2021 жылғы наурыз қарсаңында "Халық" Қоры тағы да азаматтық ұстанымын танытып, "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" деген атқа ие болған ауқымды қайырымдылық акциясына бастамашылық жасады. Қор covid-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан қиын материалдық жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттілікке ие балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.

"Халық" қайырымдылық қоры 15 000 - нан астам азық-түлік себетін құрады, әр себеттің салмағы-50 кг-нан асады, қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде таратылуда.

Пандемияның алғашқы күндерінен бастап бұл денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ғана емес, біздің еліміз үшін нағыз сынақ екендігі белгілі болды, сондықтан қазір бірлескен, ынтымақтастық күш-жігер бұрынғыдан да маңызды.

"Халық" қайырымдылық қоры бизнес-қоғамдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігуге және "Ел тірегі – Елбасы"акциясын қолдауға шақырады.

Қор акцияны 2021 жыл ішінде бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр, өйткені бүгінде   еліміздегі әл-ауқат үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз.

Т. Есқали