ER-BATYR жобасында Арманжан Байтасов: Журналистік тергеу, фейктер мен Қазақстанның болашағы туралы

ER-BATYR жобасында Арманжан Байтасов: Журналистік тергеу, фейктер мен Қазақстанның болашағы туралы
Фото: tengrinews.kz

ER-BATYR жобасында – танымал кәсіпкер, медиамагнат және қоғам қайраткері Арманжан Байтасов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында отандық журналистикада тергеу жанры неліктен жоғалып бара жатқаны, "ақпараттық рационды" қадағалаудың маңызы және Қазақстанда енгізгісі келетін өзгерістер туралы айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ сағат 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.

Арманжан Байтасов – танымал кәсіпкер, медиамагнат және қоғам қайраткері. Елдегі ең беделді 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. MuzzOne және НБТ (Қырғызстан) телеканалдарының, "Бизнес-FM" радиостанциясы мен businessfm.kz ақпараттық сайтының басшысы. Сонымен қатар, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia, Jet Airlines әуекомпаниясында, ICON телекоммуникациялық компаниясының және бірқатар даму жобасында үлесі бар. YPO-ның Қазақстандағы бөлімшесінің мүшесі, "Қазақстандық Медиа Альянстың" төрағасы, "Асыл Мирас" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы. 2019 жылы шілдеде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірді.

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев жоба қонағы болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube арнасынан қарай аласыздар.

Н. Үсенова