Каскадерлік "Оскар" иегері Жайдарбек Күнғожинов: көптен күткен марапаты мен "Мулан" фильмінің түсірілімі туралы

ER-BATYR жобасында – танымал актер, каскадерлік "Оскар" иегері Жайдарбек Күнғожинов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында жеңіске жету жолы, командасына деген уайымы, сондай-ақ "Мулан" фильмінің түсірілімі кезінде алған әсері туралы айтады. 

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. 

Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер – "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы. Жоба Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы және БҰҰ-ның Қазақстандағы Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) қолдауымен шығарылады. 

Жандарбек Күнғожинов – танымал каскадер, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі. Ол 22 қарашада әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын алды. Nomad Stunts каскадерлері Голивуд, Болливуд және Түркияның алдыңғы қатарлы студияларымен бірлесіп жұмыс істейді. Олардың фильмографиясында "47 ронинов", "Неудержимые-2", "Путь домой" фильмдері және Netflix, HBO стриминг жүйелерінің сериалдары бар. Тамыз айында әлемдік прокатқа Disney студиясының "Мулан" фильмі шыққан болатын. Фильмде қазақстандық каскадерлер әртүрлі шеберлік әдіс орындап, Жайдарбек Күнғожинов эпизодта ойнаған болатын. 

ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін экс-футболшылар Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев сынды танымал тұлғалар жоба қонағы болған. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!