Қазақстан мұнай қорынан дүниежүзі бойынша 11-орында

Қазақстан мұнай қорынан дүниежүзі бойынша 11-орында
Фото: kazakh-tv.kz

2020 жылдың рейтингі бойынша Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-орынға тұрақтады. Елдегі мұнай қорының көлемі – 30 млрд баррель.

Әлемде мұнай қоры ең көп ел Венесуэла екен – 302,8 млрд баррель. Топ үштікте Сауд Арабиясы мен Канада бар. Бұдан кейін Иран, Ирак, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Ливия, Нигерия, Қазақстан орналасқан.

Ал осы жылдың 10 айында Қазақстан 61 млн тонна мұнай шикізатын өндірген. Бұл былтырғымен салыстырғанда, 6% аз. Ал қаржыға шаққандағы көлемі – 6,5 трлн теңге.

Айта кеткен жөн, мұнай өндірісін жыл сайын азайту – ОПЕК+ елдерінің келісіміне сай қолданылған шара. Келісімге сәйкес, Қазақстан мамырдан бастап күн сайын өндіріс көлемін 9,7 млн баррельге азайтуы тиіс. Ал тамыз айынан бастап 7,7 млн баррель азайтады.

Қазақстанда мұнай өндірісі негізінен екі аймаққа тиесілі: Атырау облысы жалпы мұнайдың 64 пайызын, Маңғыстау өңірі 23 пайызын өндірген. Бұл өңірлерде Қашаған, Теңіз, Ембі, Қаражамбас, Қарақұдық мұнай кен орындары орналасқан.

Қазақстанның мұнай сатып алушы елдер – Өзбекстан, Италия, Үндістан, Қытай, Нидерланд, Франция, Грекия, Швейцария, Түркия.

Қ. Слямбек