I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?

I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?

I-BALAQAI жобасында нейроофтальмолог Сәуле Шыныбаева аяғы ауыр әйелдер мен балалардың көру қабілетін сақтауға қатысты кеңестерін бөліседі, сондай-ақ жаңадан туған сәбилерде қандай көз патологиясы кездесетінін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады. 

Жаңа шығарылымды бүгін, 22 қазан сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Балалардың көру қабілетін қалай сақтау керек?" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ ол нейроофтальмологтар немен айналысатынын және қандай белгілер байқала бастаған кезде оларға жүгіну керегін түсіндіреді.  

29 жылдық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі офтальмолог дәрігер Сәуле Шыныбаева штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан "Шығыс-Батыс" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті. Ол 2019 жылы көзге арналған PROVISION CENTER Оңалту орталығын ашқан.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

RTS Decaux компаниясына бағдарламаны түсіруге локация ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"