Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

- Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн. Алдымен біз мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігі тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істейді.

Сондықтан мен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ, Статистика комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамынан шығып, жаңа агенттіктің құрамына кіретінін айтып өтті. 

Айта кетейік, Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратуда.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты