Көбейтұз көлінде қауіпті химиялық заттар анықталды

Көбейтұз көлінде қауіпті химиялық заттар анықталды

Көбейтұз көлінің суын талдау нәтижесінде қауіпті заттар анықталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

"Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 25 шілдеде Ақмола облысы, Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көліне жоспардан тыс шығып, көлдегі судың, түп шөгінділердің және жағалаудағы топырақтың сынамаларын алды. Көбейтұз көлі суының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Түп шөгінділерде кадмий, марганец, мыс, күшәла, никель, қорғасын, хром мөлшері анықталған. Ал жағалаудағы топырақта - кадмий, мыс, мырыш, қорғасын, хром мөлшері анықталған.

"Жер үсті суларының сынамаларында уытты, уыттылығы жоғары элементтер мен металдардың жоғары шоғырлануы - күшәла (20,7 мг/дм3), қорғасын (73,8 мг/дм3), кадмий (0,19 мг/дм3), мырыш (15,7 мг/дм3), хром (2,3 мг/дм3), мыс (1,4 мг/дм3), никель (0,4 мг/дм3), молибден (6,2 мг/дм3) анықталғанын атап өткен жөн. Макро-микроэлементтердің жер үсті суларына түсуінің ықтимал көзі - жер асты топырақтарынан шайылуы", - делінген хабарламада.

Ерейментау ауданының жер қойнауы алтын, сүрме, тас көмір, боксит, гранит, әктас және басқа да қорларға бай. Судың, түп шөгінділердің, жағалаудағы топырақтың физика-химиялық көрсеткіштерінің нақты шоғырлануы бойынша нәтижелер ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.

"Көбейтұз көлінде уыттылығы жоғары химиялық заттардың шоғырлануын ескере отырып, Көбейтұз су айдынының халық үшін қауіпсіздігін белгілеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды тарта отырып, арнайы зерттеулер жүргізу қажет деп санаймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты