Алматы полициясы әуе патруліне дрондарды қолданатын болды

Алматы полициясы әуе патруліне дрондарды қолданатын болды
Фото: ixbt.com

Алматыда әуе патрульдерін полиция қызметкерлері қаладағы жолдағы жағдайды талдау, сондай-ақ жол ережелерін бұзуды анықтау үшін қолданады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Кептелістер, қозғалысқа кедергі келтіретін күтпеген жағдайлар (бұзылу, жол-көлік оқиғалары) дрондардың көмегімен анықталады. Осылайша жолдағы жағдайды реттейтін жедел шаралар қабылданады. Сонымен бірге дрондар жол ережесін бұзатын жүргізушілерді анықтауға жұмылдырылады. Сөйтіп дрондағы материалдар ереже бұзған жүргізушіге дәлел бола алады", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Massaget