Жаңа оқу жылына дайындық. Мемлекеттік көмекті кімдер алуға құқылы?

Жаңа оқу жылына дайындық. Мемлекеттік көмекті кімдер алуға құқылы?

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылына балаларды мектепке дайындау кезінде мемлекеттік көмекті кімдер ала алатынын әкімдікте өткен онлайн брифингте айтып берді, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды мектепке дайындау, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы оқушыларға қолдау көрсету іс-шаралары басталды. Жалпыға міндетті білім беру аясында әлеуметтік осал топтағы мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі. Жалпыға міндетті орта білім беру қоры шеңберінде киім, аяқ киім, қажетті оқу құралдарын сатып алу, оқу орнында тамақтану, мектептегі мәдени, бұқаралық және спорттық шараларға қатысу қамтамасыз етіледі", - деді Шолпан Қадырова.

Мемлекеттік көмекті алуға кімдер құқылы:

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы бар отбасы балалары;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкеріс деңгейінен төмен отбасы балалары;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасы балалары;
- Білім беру ұйымының, қала орғаны айқындайтын өзге де санатқа жататын балалар.

Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан киім-кешек, аяқ-киім және оқу құралдары сатып алынады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты