Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек

Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек

Қазақстан Медиа Альянсы Қазақстандағы медиа принциптерінің базасын жасауды қолға алды. Бұл база медиаға деген сенімді арттырып, журналистерге көрсетілетін қысымды болдырмайды дейді ұйым басшылары.

"Біздің қоғамға сапалы журналистика керек, бірақ ол өздігінен немесе жоғарыдағы бұйрықтан пайда болмайды. Қазақстандағы журналистика деңгейін тек журналистік қоғам ғана көтере алады және сол қоғам ғана жалпыға ортақ стандарттың орындалуын қадағалай алады", - делінген хабарламада.

Ұйымның айтуынша, негізгі принциптер барынша еркін түрде жүзеге аспақ, сөз еркіндігін еш шектемейді.

"Біз Қазақстандағы медиа қоғамын принциптерін базасын жетілдіруге шақырамыз. Еріктілер ұсынысын media.principles.kz@gmail.com мекенжайына жібере алады.

Альянс жинап жатқан принциптер ішінде мынадай бөлімдер бар:

1.1. Журналистер жұмысы – пікір мен фактінің ара-жігін ажырату, бұра тартпау және әділдік, деректерді тексеру, дерек көздерімен жұмыс істеу және оларды қорғау, т.б.;

1.2. Редакция және қожайын/баспагер/таратушы – өзара әрекет, редакция қалай басқарылады, шешім қалай қабылданады, т.б.;

1.3. Жарнама, мемлекеттік тапсырыс, product placement, натив жарнама және PR материалдары ережесі – маркировка, фактілер мен жаңалықтардан ажырата білу, т.б.;

1.4. Плагиат және басқа материалдарды пайдалану – плагиатқа тыйым салу, белгілі бір шарттар негізінде мәтін мен фотосуретті көшіріп басу, басқа БАҚ материалдарын пайдалану, авторлық құқық бойынша туындаған дау-дамай мен талас-тартысты шешу тәртібі; 

1.5. Редакция саясаты – редакция мүддесін айқындау, ережелер мен талаптар – сыйлық, қызмет, өзіне ақы төлеу, журналистің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, т.б.;

1.6. Шағымдарды қарау тәртібі және стандарттардың бұзылуы жөнінде хабарлау – мұндайды кім істейтіні, нәтиже қалай екені жарияланады, орындалады, т.б.


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер